Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3542 лайк

«Жасұландықтар» салт-дәстүрдi жаңғыртты

Сәуір 16 / 2019

 

Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебі – білім мен тәрбиені қатар ұштастырып келе жатқан іргелі оқу орны. Мұнда сабақтан тыс түрлі іс-шаралар мен тәрбиелік мәні зор кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрады.

 

Еліміздегі төрт әскери мектептің бірі саналатын білім ордасында таяуда тағы бір тағлымы мол іс-шара өтті. Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтауды негізге ала отырып ұйымдастырылған шараға Шымкент гарнизоны бастығының міндетін атқарушы, подполковник Аралбай Таңатов, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Талғат Әліқұлов, Шымкент қалалық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серғали Рысбеков және ата-аналар арнайы шақыртылды.

Мектеп басшысы, полковник Газиз Тулеушев көпшілікті салтанатты шараның ашылуымен құттықтаған соң сөз тізгінін оның орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Медғат Мадрахымұлы алып, оқу және тәрбие жұмыстарында көзге түскен қызметкерлер мен үздік оқушыларды басшылық тарапынан марапаттады. Одан кейін қонақтар мектеп ұландары ұйымдастырған сахналық көріністерді тамашалады. «Көрісу», «Қыз ұзату» сияқты салт-дәстүрлер мен «Ақсүйек» сынды ұлттық ойындарды қайта жаңғыртқан өнерлі оқушылардың дайындығы көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ