Заң-заман 0 пікір 3541 лайк

ТҮРМЕДЕГІ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

Сәуір 15 / 2019

Таяуда Шымкенттегі ИЧ-167/4 әйелдер колониясы жақынымен жүздескісі келетіндерге есігін айқара ашты. Осылайша түрме басшылығы сотталған аналарға бостандықтағы баласын құшып, мауқын басуға мүмкіндік берді.

 

Шымкент қаласының тұрғыны Кондротович Анна Васильевна түрмеде жазасын өтеп жатқан туысын көруге келіпті. Аяғын шалыс басып, түрмеге түскен туысын әбден сағынғанын айтады.

-«Ашық есік» күнін пайдаланып, туысым Алимова Нина Павловнамен дидарласуға келдім. Оның амандығын біліп, жағдайының жақсы екенін көрдім. Дені сау, көңілі көтеріңкі екен. Енді тезірек үйге оралғанын күтеміз, - дейді Анна Васильевна.

Ал, Анна болса, туған туысымен кездесуге мүмкіндік бергені үшін түрме басшылығына шексіз алығысын білдірді.

-Әрине, жасаған қылмысым үшін өкінемін. Десе де алдағы күндері шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықсам деген үмітім бар, - дейді сотталушы.

Түрмеге тоғытылған нәзік жандылардың қай-қайсысы болмасын, еркін өмірді аңсайтыны жасырын емес. Темір тордың ар жағындағылар «Ашық есік» күні осылайша туысқандарымен қауышып, көңіл-күйлері бір серпіліп қалды.

«Оңтүстік»-ақпарат.     

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ