ҚР Президентi мемлекеттiк сапармен Өзбекстан Республикасына барады

Сәуір 13 / 2019

 

14-15 сәуір күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

 

Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.

Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ