Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3539 лайк

Түлкібас енді жаңғақ та өсіреді

Сәуір 13 / 2019

 

Түлкібас ауданының тамылжыған табиғаты алма-мен қатар грек жаңғағын өсіруге де өте қолайлы. Грек жаңғағы талы өте ұзақ жасайды және бұл жемістің адам денсаулығына пайдасы да көп. Әсіресе, ағза әлсіреген уақытта, қан азайғанда, жүйке жүйесі ауруларына, жүрек ауруы мен асқазан сырқатына өте пайдалы.

 

Түлкібас ауданында грек жаңғағын бұрын әркім-әркім өздерінің есігінің алдындағы үйіргелік жерлеріне егетін.

2018 жылы ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 257 гектарға жаңғақ отырғызып, 627 тонна өнім жинаған.

Биыл қосымша 135 гектарға жаңғақ отырғызу жоспарлануда. Бұған дейін өзінің дәмі ерекше алмасымен танылған Түлкібас ауданы алдағы уақытта жаңғақ шаруашылығын қоса дамытатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ