Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Әр жүректе – бiр арман

Сәуір 13 / 2019

 

Қоғамға қажетті мамандықтың иесі болу – әрбір түлектің жүрек түкпіріндегі асыл арманы. Жақында Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков ауыл округінде «Мамандығым – мақтанышым» атты тақырыпта өткен іс-шарада мектеп бітіруші түлектер түрлі мамандық иелерімен кездесті, олардың берген бағыт-бағдарына, ақыл-кеңестеріне ден қойды.

 

«Сырдария» университетінің жоғары математика және физика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Тилла Бердалиева, Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің аға оқытушысы Өнербай Ташкенбаев, Жетісай медколледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Мейіржан Қалдыбаев елімізде жастардың жаңа инновациялық білімді меңгеріп, жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалғанын айтып, түлектерге заман талабына сай мамандықтарды жүрексінбей таңдауға ақыл-кеңес берді.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ. Мақтаарал ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ