Руханият 0 пікір 3524 лайк

«Қанеки, тілім сөйлеші!»

Сәуір 13 / 2019

Айгүл СҮНДЕТОВА, «Ońtústik Qazaqstan».

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен облыстық «Қанеки, тілім сөйлеші!» байқауында түлкібастық Жұмаділ Серік Төлеби атындағы жүлдені иемденді. Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқауға аудан, қалалар мен жоғары оқу орындарында іріктеуден өткен 15 үміткер қатысып, «Сәлемдесу – салтымыз», «Таза, мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» және «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты үш кезең бойынша бақ сынады.

Аталмыш сайыс мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттау, жастар арасынан сөз өнеріне жақын азаматтарды іздеп табу мақсатында өткізілген болатын. Көп арасынан топ жарып, жүлделі болған шешендік өнерді жалғастырушы Жұмаділ Серікті жеңісімен құттықтап, өнеріңіз өрлей берсін демекпіз.

Түлкібас ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ