Руханият 0 пікір 3519 лайк

«Ұлы дала сарыны»

Сәуір 13 / 2019

Лаура ТАСТАНБЕК, «Ońtústik Qazaqstan».

Шымкент қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ұлы дала сарыны» деген атпен батырлар жырын оқудан сайыс өтті. Орталық қызметкерлері «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Ер Қосай», тағы басқа жыр-дастандардың рухты жолдарынан үзінділер оқып, көпшілік ілтипатына бөленді. Жыршы-термешілер Ғабит Шырынбеков пен Нұрлан Бахтияров тәлімді термелерімен көрермендердің ыстық ілтипатына ие болды. Орталық директоры Жәнібек Тағаев ата-бабадан қалған мирасты келер ұрпаққа жеткізуде осындай байқаулардың мәні зор екенін айтты.

Аталған іс-шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ