Кiл жеңiмпаздар оқитын университет

Сәуір 13 / 2019

27 наурыз – 4 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қыздар арасында кіші футболдан республикалық лига ойындары өткен еді. Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бірлесе ұйымдастырған жарыста Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің қыздар командасы жүлделі ІІ орынға ие болды.

Осыдан бірнеше ай бұрын бұл қыздар Түркістан облысының ашық чемпионатында топ жарған. Сол жеңістері арқылы облыс намысын қорғау үшін Нұр-Сұлтан қаласына аттанған футболшы қыздарымыз жүлделі оралып отыр.

Сонымен қатар Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, даңқты боксшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған ХVІІІ халықаралық турнирде аталмыш университеттің студенті Бақдәулет Құрал жеңімпаз атанды. Түркістандағы додада алтыннан алқа таққан Бақдәулет «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының І курс студенті. Халықаралық турнирде топ жарған балғын спортшының әлі талай белестерді бағындырарына сенеміз.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ