Тағайындау

Сәуір 11 / 2019

Дәурен МАҚАЖАНОВ – Кентау қаласының әкiмi

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі болып МАҚАЖАНОВ Дәурен Сәбитұлы тағайындалды.

Дәурен Сәбитұлы 1980 жылы 19 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында туған.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы әкімі аппаратының туризм және спорт бойынша бас маманы болып бастаған.

1999-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы «Молсервис» консорциумының экономисі, Петропавл қаласындағы «Асыл Мұра» ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкері, «Қазкоммерцбанк» АҚ Петропавл филиалы шағын бизнес секторының менеджері, шағын бизнес секторының меңгерушісі, клиенттермен жұмыс бойынша менеджері, «АТФ Банк» АҚ Алматы қалалық бөлімшесінің өңірлік үйлестіру бөлімінің менеджері, ШОБ кредиттеу басқармасының бастығы, №3 БҚО директоры, «Альянс Банк» АҚ Астана қалалық филиалы директорының корпоративтік қаржылау бойынша орынбасары, Астана қаласы «Астана Capital building Project» ЖШС директорының кеңесшісі, Ресей Федерациясы, Омбы қаласындағы «РоКАС» ЖШҚ қаржы директоры, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Астана қаласы «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Аграрлық Несие Корпорация» АҚ басқарма төрағасы, «Агрофуд Береке» ЖШС директорының орынбасары, Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

2019 жылдың ақпан айынан «АӨК кредиттік серіктестер ассоциациясы» ЗТБ төрағасының кеңесшісі, Үйлестіру кеңесінің төрағасы лауазымында қызмет атқарып келген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ