Кентаудың әкімі ауысты

Сәуір 10 / 2019

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Өкімімен Кентау қалалық мәслихаты депутаттарының қолдауымен Кентау қаласының әкімі қызметіне Дәурен Махажанов тағайындалды.

Дәурен Сәбитұлы бұған дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында халық қалаулылары ұсынысты бірауыздан қолдады. 

Ол еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. Дәурен Махажанов 1980 жылы туған. Білімі жоғары. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша, 2007 жылы Көкшетау университетін «қаржы магистрі» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

2001 жылдан бастап 2009 жылға дейін екінші деңгейлі банктер «Казкоммерцбанк» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ басшылық лауазымдарында қызмет етті. 2009-2015 жылдары «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ, «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармаларының төраға орынбасары, «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. 2018 жылдың ақпан айынан бері Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

Айта кетейік, бұған дейін Кентау қаласының әкімі болып бұған дейін  Ғани Рысбеков қызмет етті. 

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ