Экономика 0 пікір 3483 лайк

Бақшалы жер – ақшалы жер!

Сәуір 09 / 2019

Бүгінгі таңда Жетісай ауданында 12 мың гектар жерге бақша дақылдары егілді. Оның 8 мың 400 гектарын қауын, 3600 гектарын қарбыз құрайды. Егістік алқаптарында 15-ке жуық бригада құрылып, 10 мыңға жуық аудан тұрғындары еңбек етуде. Аудандағы «Аман» шаруа қожалығының 10 гектар егістік алқабына 63 мың дана «Аэропорт» қауын көшетін отырғызу жұмыстары жүріп жатыр.

Бір айта кетерлігі, мұндағы қауын дақылы биологиялық табиғи тыңайтқыштардың көмегімен өсірілетін болады. Яғни бұл егістік алқапқа химиялық тыңайтқыштар мүлдем қолданылмайды. Осы мақсатта 10 гектар алқапқа күздің күні 70 жүк көлігімен көң тасталыпты. Бұл өз кезегінде таза экологиялық өнім алуға сеп болмақ. Өйткені, өңірімізде табиғи таза өнімдерге деген сұраныс жыл санап артып келеді.

Жалпы, биыл Жетісай ауданында 25 мың гектар егістік алқапқа бақша дақылдары егіледі деген болжам бар. Әзірдің өзінде 1200 гектар алқаптағы қырыққабат дақылы пісіп жетілгелі тұр. Енді 5-10 күнде алқашқы қырыққабат өнімдері көрші Ресей елі мен еліміздің солтүстік облыстарына жөнелтілетін болады.

Бұдан бөлек, аудан шаруалары бір жерден екі рет өнім алу үрдісіне бейімделуде. Бұл өз кезегінде егістік алқабын тиімді пайдалануға әрі табыс көзін едәуір ұлғайтуға сеп болады.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ