Түлкібастықтар топ жарды

Сәуір 06 / 2019

Ақтау қаласында дзюдо күресінен 14-17 жас аралығындағы жас-өспірімдер арасында халық батыры Иса Досанды еске алуға арналған ІV халықаралық турнир мәреге жетті. Оған Састөбе балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Н.Сәрсеқұлов өзінің 5 шәкіртін алып барды.

Еліміздің барлық облысынан спортшылар қатысқан турнирде Қарлығаш Тельман 52 келі салмақта І орынды, Мәдина Дәулет 32 келі салмақ дәрежесінде ІІ орынды иемденді. Аудан абыройын асқақтатқан балғын балуан қыздарымызға ризашылығымызды білдіре отырып, «алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне беріңдер!» демекпіз.

Айгүл СҮНДЕТОВА. Түлкібас ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ