«Ордабасыда» – жаңа ойыншы

Сәуір 06 / 2019

 

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы тағы бір шетелдік ойыншыны қатарларына қосты. Бельгиялық «Андерлехт», «Шарлеруа» клубтарында доп тепкен Зиги Бадибангу енді шымкенттік клубтың жейдесін кимек.

 

Зиги одан бөлек голландиялық «Де Графсхап», грекиялық «Эрготелис», «Астерас» және кипрлік «Омония» клубтарында өнер көрсеткен. «Ордабасыға» келмес бұрын ол молдовалық «Шерифтің» сапында доп тепті. «Шериф» сапында ол екі рет ел чемпионы атанып үлгерген. Оның сондай-ақ, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы жарыстарында ойнаған мол тәжірибесі бар. Жартылай қорғаныстың оң қапталында ойнауға бейім ойыншы көбіне шабуылға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Ордабасы» Еуропа лигасында ел намысын қорғайды. Бұл сынды бірінші іріктеу кезеңінен бастайтын шымкенттік клуб алғашқы ойындарын шілде айында бастамақ. Айта кетерлік бір жайт, Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өтуіне байланысты ойындарды қабылдай алмайды. «Ордабасының» еурокубоктік ойындарды қай қалада қабылдайтыны әзірге белгісіз.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ