Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3384 лайк

Елбасының еңбегі ерен

Наурыз 23 / 2019

Түркістан түркі әлемінің мақтанышы ғой! Қасиетті қаланың облыс орталығы болып өзгеруіне орай жаңадан тағайындалған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев киелі өңірге аяқ басты. «Әзірет Сұлтан» кесенесіндегі кездесу түркістандықтарға үлкен әсер қалдырды. Қаланың даму барысымен танысқан мемлекет басшысы жиналғандарға жылы пікір білдіріп, тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елорданың атауын ауыстыру туралы ұсынысы құптарлық-ақ. Мен оны толықтай қолдаймын. Есімі тарих беттерінде алтын әріптермен жазылатын Нұрсұлтан Әбішұлы бұған лайық. Бұл оның Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына сіңірген еңбегін елеп, әлемдегі беделін айқындай түсері анық.

Уәлихан РАХИЕВ, облыстық мәслихат депутаты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ