Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3383 лайк

Сәтті қадам жасады

Наурыз 23 / 2019

Елбасының мемлекетіміздің дамуына, аяқтан нық тұруына қосқан үлесі орасан зор. Сарыарқа төрінде жасампаз қаланың бой көтеруіне де Нұрсұлтан Әбішұлының сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қазір бұл шаһардың аты әлемге мәшһүр. Бас қаламыз Елбасының қайталанбас қолтаңбасы. Оның Нұр-Сұлтан деп аталуын қолдаймын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы сапарын түркі әлемінің рухани астанасы Түркістаннан бастауы өте құптарлық іс болды. Бүгінде көне шаһар бүкіл әлемнің назарында. Облыс орталығы болғаннан кейін оның екінші тынысына дем берген Президентке елдің ықыласы ерекше. Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген бұл сапар Түркістанның болашағына «ақ жол» тілегендей әсер қалдырды. Сапарыңыз сәтті болсын құрметті президент.

Сайлаукүл БАРАҚОВА, қоғам қайраткері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ