Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3382 лайк

Елбасы есімімен үндесіп...

Наурыз 23 / 2019

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ел астанасын Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев атына беру жөніндегі ұсынысы өте орынды болды.  Себебі, Елбасы Н.Назарбаев тұңғыш президент, мемлекет құрушы көшбасшы ретінде Қазақстанды әлемге танытты.

Дүниежүзі тарихында ел билеушілердің, патшалардың есімімен аталған қалалар жетерлік. Алғаш тәуелсіздік таңы атқан күннен елдің шекарасын нығайтып, төл теңгесін жасап, халықтың бірнеше дағдарыстан аман өтуіне сындарлы саясатымен жол бастай білген Н.Назарбаев есімі әр қазақтың жүрегінде. Яғни, елі үшін аянбаған еріміздің есімі "Еуразия жүрегінде" қалуға әбден лайық.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев есімі астанаға берілген тұста, тәуелсіздік жылдарындағы ел тарихы Елбасы есімімен үндесіп, келешек ұрпаққа тарихтан сыр шертетін болады.

Бұл бастама Қазақстанның негізін қалаған, əлеуетін арттырған, толағай табыстарға жеткізген Елбасыға халықтың ыстық ықыласын білдірсе керек.

Рахима МӘМБЕТӘЛИЕВА, ардагер ұстаз.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ