Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

«Ońtústik» телеарнасында -- жаңа басшы

Наурыз 20 / 2019
  • Құттықтаймыз!

 

 

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ерлан Қариннің бұйрығымен телерадиокорпарасиясы Түркістан облыстық филиалының директоры болып Уәли Сағындықұлы Қыдыров тағайындалды.

Жаңа лауазым иесін шығармашылық ұжымға «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаев таныстырды.

 Қыдыр Уәли Сағындықұлы 1975 жылы 21 қаңтарда сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Әділет министрлігі «Заң» АҚ-ның басылымдарын шығарушы редактор болып бастаған. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты баспасөз қызметінің хатшысы болды. 2002-2004 жылдары республикалық «Заң» газетінің тілшісі, бөлім редакторы. 2008-2009 жылдар аралығында республикалық «Нұр Астана» газетінің Алматы бөлімшесін басқарды. 2009-2012 жылдары еліміздегі көптеген газет-журналдардың басын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары, 2012 жылдан бері Қазақ радиоcы директорының орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдан 2018 жылға дейін «Қазақстан» РТРК АҚ ұлттық телеарнасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бас директоры қызметін атқарды. Ол бүгінгі күнге дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы шаруашылықты қамтамасыз ету басқармасының іс басқарушысы қызметінде болды. Ал, бұған дейін «Ońtústik» телеарнасын басқарған Бауыржан Қамбарұлы Бердімұратов  облыстық филиалдың құрылуы бойынша Корпорацияның арнайы өкілі лауазымына тағайындалды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ