Рухани жаңғыру 0 пікір 3315 лайк

ТҮРКІСТАН: Арыс қаласында «Олимпиада шыңы» спорттық эстафетасы басталды

Наурыз 16 / 2019

Бүгін Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық спорт кешенінде Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Олимпиада шыңы» эстафетасы бастау алды.

 

Эстафетаның мақсаты –  жастардың бойына «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Прагматизм», «Бәсекеге қабілеттілік» басымдығын сіңіру, пайдалы істермен айналысу, өзін-өзі жетілдіру, уақытты тиімді пайдалануға үйрету және баулу. Сондай-ақ, жастарымыздың болашақта «Олимпиада шыңын» бағындырып, чемпион болуға жол ашу.

Аталған эстафетаны қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев ашып, құттықтау сөз сөйлеп, эстафетаның кубогін Шардара ауданынан келген делегаттарға салтанатты түрде табыс етті. Эстафетаға Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Түркістан облысы бойынша аймақтық жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Әшірбеков «Олимпиада шыңы» спорттық эстафетасына қатысқан жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, эстафета Түркістан облысындағы барлық қала және аудандарда жалғасын табатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ