Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3314 лайк

Адам денсаулығына зиян

Наурыз 16 / 2019

Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында адам денсаулығына қауіпті тауарларды анықтады. Аталмыш департаменттің баспасөз хатшысы Ұлжан Әлібаеваның айтуынша, «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан «Береке» азық-түлік дүкеніндегі жаймаға шығарған  «Gulim»сауда белгісімен жеке кәсіпкер Молжігітованыңтартылған (Сиыр етінен жасалған фарш) еті, «Едим дома» сауда белгісімен (Кімнің өнімі екені белгісіз) тартылған еті және «Ағайындар» сауда белгісімен Жамбыл облысындағы жеке кәсіпкер И.М.Мансурова шығарған сиыр етінен пісірілген мұсылмандық шұжық өнімдері микробиологиялық зерттеуге алынды.

 

Зерттеу нәтижелері бойынша тамақ өнімдерінде ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды. Тексеру барысында  «Береке» азық-түлік дүкені қоймамен, үй-жайларымен және тоңазытқыш камераларының температурасын өлшейтін құралдармен қамтамасыз етілмегені анықталды. Шикізат пен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары және өнімнің жарамдылық, сақтау мерзімін және өнім түрін көрсетумен таралық орнында таңбалау заттаңбасы (жапсырмасы) болмаған.

Қазіргі таңда, анықталған кемшіліктер бойынша қима өндіруші «Молжигитова» және «Береке» азық-түлік дүкенінің меншік иесі Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабының 1 тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған  бұзушылықтарды жою туралы  ұйғарым берілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Мансурова И.М.»-нің жұмысына қатысты  іс-шаралар жүргізу үшін Жамбыл облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хат жолданды.

  Айта кететін жағдай, 2018 жылы 1441 өнімдердің сынамалары  тексерілген болатын. Оның ішінде, сәйкес  келмейтін өнімдердің саны – 72 сынама (4,9%). Анықталған барлық кемшіліктер бойынша 18 хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Нәтижесінде сатылымнан 72,06 кг қауіпті тағам өнімдері алынды.

С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ