Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Басты міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Наурыз 16 / 2019

 

Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының IX Бас ассам-блеясы қарарларына сәйкес 1 наурыз – бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні болып белгіленген. Атаулы күн Түркістан облысының қалалары мен аудандарында да жыл сайын аталып өтіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Рауан Өсербаев айтып өтті.

– Биылғы жылы «Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ұранын таңдап алып отырмыз. Бұл бойынша Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жоспар әзірленіп, ол облыс басшылығымен бекітіліп, өңірдегі барлық білім мекемелерінде 1-30 наурыз аралығында тиісті іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің оқушылары арасында эстафета, интерактивті сабақтар, сейсмикалық жаттығулар және техникалар мен авариялық құтқару құралдарының көрмесі өткізілді, эвакуациялық жинау пунктінің жұмысы практикалық түрде көрсетілді, – деді Р.Алтынсарыұлы.

Эстафета барысында оқушылар өрт қауіпсіздігі, радиациялық химиялық-биологиялық қорғаныс, азаматтық қорғау салаларындағы білімдерін және спорттық қабілеттерін көрсеткен. Атап айтқанда, олар өрт сөндіргіш құралды дұрыс пайдалану, жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету, газқағарды шектеулі мерзімде кию сияқты эстафеталық сынақтардан өткен. Сонымен қатар, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетті жетілдіру мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында сейсмикалық жаттығулар ұйымдастырылған.

«Мұндай іс-шаралар балалардың қызығушылығын оятып, жан-жақты білімдерін арттырады» деген департамент бастығының орынбасары жедел құтқару жасағының мамандары құрал-жабдықтардың көмегімен жоғалған адамдарды қалай іздейтіндері туралы да айтып өтті.

Қ.Қуанышбекұлы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ