Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3310 лайк

Әлеуметтік шаралар жайы сөз болды

Наурыз 16 / 2019

 

Баян Дарғожина, «Ońtústik Qazaqstan».

Шымкент қалалық әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Ақпараттық коммуникациялық орталығының брифингінде «Әлеуметтік қамқорлық» мәселесі кеңінен насихатталды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев қатысты.

 

Елбасы тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда Шымкент қаласында аз қамтылған отбасылардың өмір сапасын жақсартуға арналған арнайы штаб құрылған. Штабтың құрамына депутаттар, түрлі құзырлы органдар мен «Нұр Отан» партиясының, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, 4 аудан әкімі, басқарма басшылары енгізілген.

– Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысына көпбалалы отбасыларға, «Күміс алқа» және «Алтын алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылары, сондай-ақ, балаларға арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақылары, 23 жасқа толмаған студент ұл-қыздың стипендиясы есептелмейді. Және де бала кезінен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жәрдемшісіне мемлекеттен берілетін қаржы да отбасының табысы болып саналмайды екен. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың балаларына (18 жасқа дейін, оқыған жағдайда 23 жасқа дейін) ай сайын 20 789 теңге көмек төленетін болады. Бұл дегеніміз күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайды. 2018 жылы 10774 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, 2019 жылы 1 сәуірден бастап олардың саны 20000-нан астам отбасыға ұлғаяды деп жоспарлануда, – деді Г.Құрманбекова.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін отбасындағы бала саны маңызды емес. «Отбасында 2 бала болса да, 3-4 бала болса да, 1 бала болса да айына табатын кірісін жан басына бөлгенде 20789 теңгеден аспаса, барлығы әлеуметтік көмекті алуға құқылы» деді қала әкімінің орынбасары.

Қазіргі уақытта шымкенттік Батыр аналар мен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері қоғамдық көліктерде тегін жүруде. Бұдан бөлек, алдағы уақытта шаһарда аға буын өкілдерінің уақытын тиімді өткізу үшін белсенді де ұзақ өмір сүру орталығы мен аналар орталығы ашылады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ