Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Ауған соғысының ардагерлерiмен кездестi

Наурыз 16 / 2019

 

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Ońtústik Qazaqstan».

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр Кеңес әскерлерінің Ауғанстан территориясынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай ауған соғысының бір топ ардагерімен кездесті.

 

«Биыл баршамызға белгілі, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан территориясынан шығарылғанына отыз жыл толды. Қаншама боздақтарымыз ұрыс даласында опат болса, енді біразы елге оралып, дүние салды. Бүгінде арамызда жүрген ардагерлеріміз ел дамуы жолында түрлі салаларда қызмет етіп келеді» деген облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ардагерлерге облыс басшысы Ө.Шөкеевтің ыстық ықыласты құттықтауын жеткізді.

Басқосу барысында ардагерлерге Кеңес әскерлерінің Ауғанстан территориясынан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған төсбелгілер табыс етілді. Олардың қатарында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Түгел Бекімбетов бастаған ардагерлер бар.

Өз кезегінде республикалық жергілікті және ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Шәріп Өтегенов мерекелік шарада ардагерлерге құрмет көрсеткені үшін облыс әкімі Өмірзақ Естайұлына алғысын жеткізді.

Түркістан қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ