Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3309 лайк

«Сайрам-Өгем» паркiнде – жаңа басшы

Наурыз 16 / 2019

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2019 жылғы 5 наурыздағы бұйрығымен Қайрат Өмірбекұлы КЕРІМБЕКОВ Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры болып тағайындалды.

 

Ол 1968 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы – заңгер. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінде директордың орынбасары қызметін атқарған. 2015 жылдың мамыр айынан Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ