Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Жаңа жүйе жұмысымызды жеңiлдеттi

Наурыз 16 / 2019

 

Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пилоттық жоба енгізді.

 

Қағазсыз форматқа көшу ісі біздің мекемеде жыл басынан бері қолға алынды. Бүгінде амбулаториялық карталар, науқас тарихы, рецепт пен еңбекке жарамсыздық парақшалары жаңа жүйе бойынша толтырылып, нәтижесінде дәрігерлердің шапшаң әрі жылдам шешім қабылдауына жол ашылды.

Біздің ауданымызда электрондық денсаулық паспорты 62898 адамға толтырылды. Бұл емханада тіркеуде тұратын тұрғындардың 97%-ын қамтиды. Сондай-ақ, пациенттер үшін мобильдік веб қосымшалары іске қосылды. Енді науқас үйінде отырып-ақ өз дәрігеріне онлайн арқылы жазыла алады. Қажет болып жатса үйіне шақыруға да мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда 40-60 жас аралығындағы 13164 интернет пайдаланушы мобильдік қосымшаға қосылған. Бұл қазірше 41%-ды құрайды. Диспансерлік есепте тұратын 2995 науқас үшін арнайы мобильдік қосымша, интернетті пайдаланатын 533 жүкті әйел және бес жасқа дейінгі балалардың ата-аналарының мобильдік қосымшаға қосылуы 4071 адамды құрап отыр.

Өз-өзіне қызмет ету бұрышында әрбір науқас тіркеу бөліміне бармай-ақ, кезек күтпей-ақ дәрігер қабылдауына жазыла алады. Жаңа жүйе, міне, осылайша біздің жұмысымызды жеңілдетіп отыр.

Бексұлу КӨШЕКЕЕВА, Мақтаарал аудандық «Мырзакент» ауруханасының бас дәрігері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ