Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Қаржыға – қатаң бақылау

Наурыз 16 / 2019

 

Сіз бен біздің салығымыздан құралатын қазына қаржысының әр тиыны есептеулі. Оны өзге мақсатқа немесе жеке мүдде үшін пайдалануға жол берілмейді. Дегенмен, орайын тауып, бөлінген қаржыны бөліске салатындар да аз емес. Мәселен, Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті былтыр 217 аудиторлық тексеру жүргізіп, нәтижесінде 191 объектіден заңбұзушылықтар анықтаған. Ондағы заңсыз қаржы көлемі 25 миллионнан астам теңгені құраған.

 

Есепті кезеңде анықталған қаржының 189 773,2 мың теңгесі бюджетке өндірілсе, 1 970 262,0 мың теңгесі жұмыстарды атқару, қызмет көрсету, тауарларды жеткізіп беру, есепте көрсету және оны сәйкестендіру жолымен қалпына келтірілді. Тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін 27 материал құқық қорғау органдарына жолданды.

Тексеру қорытындысы бойынша 71 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 13109,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ішінде бюджетке өндірілгені – 12267,8 мың теңге. Ал, заңсыздыққа жол бергені үшін 203 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

А.АЙМЕНОВ, Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас маман – мемлекеттік аудиторы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ