Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Терроризммен күрес жолдары талқыланды

Наурыз 16 / 2019

 

2016 жылы 5 маусымда Ақтөбеде болған қылмыстық оқиға елдің есінен шыға қойған жоқ. Бейбіт елдің тыныштығын бұзып, жұртшылықты дүр сілкіндірген осы жағдайдан кейін елімізде терроризм мен экстремизмге қарсы күрес шаралары одан әрі күшейтілді.

Осыған орай, барлық әскери бөлімде ақпараттық сабақтар ұйымдастырылып, әскерилер террорлық әрекеттерге қарсы тұруға машықтануда.

Жуырда Шымкент қаласындағы №6698 әскери бөлімінде «Деструктивті діни ағымдардың түрлері мен оның сипаттары. Олардан сақтану, алдын алу жолдары» тақырыбында ақпараттық сабақ өтті. Жеке құраммен кездескен ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау бөлімінің аға жедел уәкілі, капитан Е.Әлиев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қалалық өкілдігінің қызметкері Ұ.Әлиакбарұлы экстремизм мен терроризмнің орын алу себептері, оның салдары мен жауапкершілігі туралы әңгіме қозғады. Қатысушылар қоғамға қауіп төндіретін қылмыспен күресу, оның алдын алу жолдарын талқылады.

Нұрсұлтан ЖҰМАҒҰЛОВ, №6698 әскери бөлімінің клуб бастығы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ