Әлемге әдемiлiк жарасады

Наурыз 16 / 2019

 

«Әлемді әдемілік құтқарады!» Қанша уақыт өтсе де сұлулыққа құштарлық пен сән әлеміндегі өзгеріс жоғалмақ емес. Ол адамдарға шабыт сыйлайтын мәңгілік тақырыптардың бірі болып қала береді. Бұлай деуімізге себеп, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 1938 жылғы 1 қаңтардағы №1 (1798) санында шыққан «Киім модасы көрсетілген альбомдар» деректемесі.

Жарнамалық мақалада 1937-1938 жылдың күзгі-қысқы маусымына арналған сән үлгісі мен киімдердің бағасы жарияланған. «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» болған сол бір зобалаң жылдардың өзінде газет бұрышынан осындай дерекке орын берілуі расында бұл мәселеге сұраныстың болғаны ғой. Мақалада Мәскеуден шығатын альбомдарда ерлер, әйелдер мен балаларға арналған сыртқы киімдердің соңғы үлгілері жарияланғаны айтылады. Сондай-ақ, әйел және балалар киімдерінің 60 түрлі үлгісі жарық көрген екен. Бұл альбомдар модельдерге, киім пішушілерге (дизайнер), тігін шеберлері мен қолөнершілерге арналған.

Әйел қашан да әдемі. Бірақ, олар көктемде ерекше әдемілене түседі. Жаңа сән үлгісінен қалыспай, жарасымды киінуге құштарлық әдетте көктеммен бірге оянады. «Оңтүстік Қазақстан» газеті 1 қаңтар – Жаңа жыл, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында жаңа сән үлгілерінен оқырмандарды тұрақты хабардар етіп отырады. Ал, бұл үрдісті қарашаңырақ басылым өткен ғасырдың басында-ақ қолға алғанына осынау газет тігіндісі дәлел!

Лаура ТАСТАНБЕК.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ