Руханият 0 пікір 3293 лайк

Бұлақтардың көзiн ашқан күн болды

Наурыз 16 / 2019

 

ҚР халық әртісі, режиссер, Түркістан қалалық драма театрының негізін қалаушы Райымбек Сейтметовтің туған күніне орай облыс орталығында ауқымды шара өтті. Театр директоры Ержан Исатаев бастаған ұжым Р.Сейтметовтің зиратына гүл шоқтарын қойып, рухына Құран бағыштап, құрбандық шалды.

 

Даңқты режиссер атындағы музейді аралап, оның мол мұрасымен танысты.

Бұдан кейін театрда өткен дәстүрлі VІІІ қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына Түркістандағы мектептер мен колледждерден келген 60 оқушының арасынан іріктелген 21 үміткер қатысты. Сахнаға жүректері лүпілдей шыққан жастар байқауда бойдағы бар өнерін аянып қалмады. Қазылар алқасы сайыс нәтижесінде бас жүлдеге Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінің оқушысы Тыныбек Құралбайды лайық деп тапты. Бірінші орынды Нұрай Оразхан, екінші орынды Наталья Григорьева, Анар Исахан сияқты жас таланттар иеленді. Ал, үшінші орынды Балауса Ниязбек, Диана Фахриддинова, Өмірбек Тұрар алып, қаржылай сыйлық пен мақтау қағазымен марапатталды.

Кәмшат МОЛДАБЕКОВА, Түркістан сазды драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ