Руханият 0 пікір 3290 лайк

Қажылық сапары қалай болған?

Наурыз 16 / 2019

 

Бүгінгідей өркениет заманында қажылыққа бару анау айтқандай бейнет болмай қалды. Ал, өткен ғасырларда адамдар қажылық сапарына керуенмен аттанып, жылға жуық уақыт жаяу-жалпылап, одан әрі теңізбен жол жүріп, үлкен қиындықпен баратын болған. Тіпті, ол адамдардың кейбірі жол қиындығын көтере алмағандықтан, сол сапарынан қайтпай да қалған.

 

Өткен ғасырларда қажылыққа барғандар жайындағы жазба деректер некен-саяқ. Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажының да қажылық сапары жайында жазба деректер мүлдем жоқтың қасы. Шымкенттегі «Әлем» баспасынан жарық көрген медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрділлә Түзелбаевтың «Халфе Түзелбай қажы» кітабы осы олқылықтардың орнын толтыруға арналғандай. Кітап авторы кешегі атеистік қоғамнан сескенген әкесі Түзелбай қажы жайында деректерді құпия ұстап, жария етпегенін айтады. Дегенмен, жазушы Қалмұхан Исабай мен Сапар Байжан-Атаның «Қажыға барған қазақтар» атты дерекнамалық кітапшасынан үзінділер келтіре отырып, аталмыш кітапты құрастырыпты. Автор атасы Түзелбайдың дерекнамалық кітапшада баяндалған керуен жолымен қажылыққа барып қайтқандығына шүбәсіз сенеді. Өйткені, кітапта жазылған оқиғалар мен мағлұматтардың көбісі әкесі Келжанның өз әкесі Түзелбайдан естіген мағлұматтарымен сәйкес келеді екен.

«Халфе Түзелбай қажы» кітабы өткен ғасырларда қажылыққа жаяу барғандар жайлы білгісі келетіндер үшін қызықты мағлұматтарының көптігімен ерекшеленеді.

Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ