Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3283 лайк

Түркістан облысында «Наурыз – 2019» мерекесі аясында өтетін іс-шаралар бағдарламасы

Наурыз 14 / 2019

 

 

 

Іс-шараның өтетін орны

Іс-шараның өту барысы

Жауапты

 

 

14 наурыз «Көрісу күні» - бейсенбі

 

Саябақтар мен алаңдарда

Облыстағы этнос өкілдерімен бірлескен іс-шаралар, концерттік бағдарламалар, ұлттық тағамдар тарату. Аудандық, қалалық саябақтарда мекемелердің қызметкерлерімен көрісулер ұйымдастыру, бауырсақ, наурызкөже, тәтті тағамдар тарату.

Уақыты: сағат 10.00-18.00

 

 

 

Түркістан қаласы мен аудан, қала әкімдіктері,

облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, облыстық ішкі саясат басқармасы

 

 

Облыстық кітапханалар

«Көрісіп, күлімдесіп, мауқын басып...»,  «Менің елім күндей нұрлы Қазақстан»,  «Наурыз жыл басы» атты тақырыптарда мәдени іс-шаралар, кітап көрмелері,

танымдық кеш

Уақыты: сағат 09.00-19.00

 

 

 

 

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат басқармалары

аудан, қала әкімдіктері

Облыстық музейлер

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға музейге тегін кіру күнін ұйымдастыру, «Көктемнің шуақты мерекесі - Наурыз», «Отан - отбасынан басталады» атты тақырыптарда мәдени іс-шаралар, дөңгелек үстелдер

Уақыты: сағат 09.00-19.00

 

 

 

 

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат басқармалары, аудан, қала әкімдіктері

 

15 наурыз «Тағзым күні» – жұма

 

Мешіттер мен мазараттар, балалар үйі

 

 

 

«Тағзым күніне» орай дүниеден өткен азаматтардың рухына құран бағыштау, құрбандық шалып, балалар үйлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тарату, имамдар жүргізетін уағыздарда Наурыздың ұлтты ұйыстыратын мейрамдардың бірі екендігі жөнінде насихаттау;

Уақыты: сағат 07.00-15.00

 

 

Түркістан қаласы мен аудан, қала әкімдіктері,

облыстық дін істері, ішкі саясат, отбасы, балалар және жастар ісі, білім басқармалары

Облыстық кітапханалар

«Жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Мерекелі, берекелі Наурыз той», «Наурыз – жыл басы» атты мәдени іс-шаралар.

Уақыты: сағат 09.00-19.00

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, аудан, қала әкімдіктері

 

 

Облыстық музейлер

«Жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Наурыз – ізгіліктің мерекесі», «Дін имандылық ұйытқысы» атты тақырыптарда мәдени іс-шаралар, кездесу кештері

Уақыты: сағат 09.00-19.00

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, аудан, қала әкімдіктері

 

 

16 наурыз «Тазару күні» - сенбі

 

Түркістан қаласы мен аудан, қалалар

«Тазару күніне» орай  Ұлыстың  ұлы күні қарсаңында жалпыоблыстық сенбілік(саябақтар мен көшелерді тазалау, ағаш көшеттерін отырғызу).

Уақыты: сағат 09.00-15.00

Түркістан қаласы мен аудан, қала әкімдіктері, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, ішкі саясат басқармасы мен барлық басқармалар

 

 

 

17 наурыз «Көктем шуағы күні» – жексенбі

 

Түркістан қаласындағы Рәміздер алаңы мен «Арбат» алаңы, этноауыл ұлттық-мәдени кешені, аудандық, қалалық саябақтар

«Көктем шуағы күніне» орай мерекелік концерттік бағдарламалар, мәдени іс-шаралар, спорттық ойындар (арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, аударыспақ, жамбы ату, қазақша күрес, т.б)

Уақыты: сағат 10.00-18.00

Түркістан қаласы мен аудан, қала әкімдіктері,

облыстық мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт, ішкі саясат басқармалары

 

18 наурыз «Көктем өрнектері күні» – дүйсенбі

Түркістан қаласы мен аудан, қалалар

Қаладағы қоғамдық көліктер мен мемлекеттік мекемелерді, көшелерді мерекеге сай безендіру, гүлдер отырғызу. Қала, аудан тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жастардың түрлі ұлттық киімдермен қаланың орталық көшелерінде жаяу әндетіп жүруі

(50-60 адам)

 

Уақыты: сағат 10.00-17.00

 

Түркістан қаласы мен аудан, қала әкімдіктері, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, отбасы, балалар және жастар ісі, ішкі саясат басқармалары

 

19 наурыз «Балалар күні» – сейсенбі

 

Түркістан қаласы мен аудан, қалалар

Саябақтар мен алаңшаларда, мәдениет ошақтарында балаларға арналған іс-шаралар, концерттік бағдарламалар, цирктік ойындар, театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастыру. Тәтті тоқаштар мен балмұздақ тарату

Уақыты: сағат 11.00-16.00

Түркістан қаласы мен аудан, қала әкімдіктері,

облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-иновациялық даму, білім, отбасы, балалар және жастар ісі, ішкі саясат, денешынықтыру және спорт   басқармалары

 

20 наурыз «Бірлік күні»– сәрсенбі

 

Ардагерлер үйлері мен қалалық, аудандық саябақтарда

Ардагерлер үйлеріне барып ардагерлермен кездесу, мерекемен құттықтап, мерекелік дастархан жаю.

Уақыты: сағат 10.00-18.00

 

Түркістан қаласы мен аудан, қала әкімдіктері, облыстық ішкі саясат басқармасы

 

 

21 наурыз «Наурыз» мерекесі күні – бейсенбі

«Есімхан» алаңы, этноауыл ұлттық-мәдени кешені, «Арбат» алаңы

 

 

 

Сағат 10.-12.00 облыс әкімінің қатысуымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» театрландырылған мерекелік іс-шарасы;

Концерттік бағдарламалар, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмелері, шеберлік сағаттары,ұлттық спорт ойындары (арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу, аударыспақ, жамбы ату, қазақша күрес, т.б), іс-шараны тамашалауға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдардың (палау, наурыз көже, бауырсақ) тегін таратылуы, облыстық музейлерге тегін кіруді ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

Түркістан қаласы мен аудан, қала әкімдіктері,

облыстық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, денешынықтыру және спорт басқармалары мен барлық басқармалар, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы

 

Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды драма театры

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының Н.Ораздың «Наурыз көже» балаларға арналған қойылымының премьерасы

Уақыты: сағат 15.00-16.00

Жетісай аудандық әкімдігі,

облыстық мәдениет және тілдерді дамыту, білім,  отбасы, балалар және жастар ісі, ішкі саясат  басқармалары

«Есімхан» алаңы

Наурыз мерекесіне арналған гала концерт

Уақыты: сағат 19.00-21.00

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі  саясат басқармалары,

Түркістан қаласының әкімдігі

 

 

22 наурыз «Наурыз» мерекесі күні – жұма

 

Түркістан қаласындағы «Есімхан» алаңы, этноауыл ұлттық-мәдени кешені, «Арбат» алаңы мен аудан, қалаларда

 

Мерекелік іс-шаралар, жалпыхалықтық серуендер, концерттік бағдарламалар мен ұлттық спорттық ойындар

Уақыты: сағат 10.00-20.00

 

Түркістан қаласы мен аудан, қала әкімдіктері, облыстық ішкі саясат басқармасы

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ