Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

«Туризм Қазақстан экономикасының драйверiне айналуы тиiс»

Наурыз 14 / 2019

 

ҚР Үкіметі отырысында Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы мақұлданды. Жиында ҚР Премьер-министрі А.Мамин Елбасының «туризмді өркендету ел экономикасы үшін өте маңызды» деген сөзіне ерекше маңыз берді. Осыған орай «Алдымызда туризм саласын дамыту аясында күрделі, өршіл, дегенмен, қолдан келерлік міндет тұр» деді Үкімет басшысы.

 

Жоғарыда аталған бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай туризм саласының ЖІӨ-дегі үлесі 8 пайызға дейін жетеді, ал, туризмді дамытуға инвестициялар көлемі алдағы 7 жылда 2 трлн. теңгені құрайды деп болжануда. Сонымен бірге, 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болып, 72 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады, ал, туристер саны жылына 7 миллионнан 15 миллионға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Премьер-министр өз сөзінде туризм саласы Қазақстан экономикасының драйверіне айналуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, бұл мақсатқа жету үшін елде барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалғанын да тілге тиек етті.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ