Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Баспанаға қол жеткiзу жеңiлдей түспек

Наурыз 14 / 2019

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақовтың мәлімдеуінше, аталмыш министрлік халыққа «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді пайдалануға тапсырғанша ипотекалық несиені бере беруді ұсынып отыр.

 

Б.Қашақов Парламент Сенатындағы әлеуметтік тұрғын үйді сатып алуды оңайлатуға арналған «Дөңгелек үстел» мәжілісінде Ұлттық банкке «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларды несиелеуді үлестік құрылыс кезеңінен қарастыру жөнінде ұсыныс жолданатынын атап өтті. Сондай-ақ, оның айтуынша, Кепілдік беру қоры кепілдігінің негізінде ипотекалық несиелеудің тетігі енгізілмек. Ол бағдарламаға қатысушыларды анағұрлым көп қамтуға және баспана қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді екен.

Айта кету керек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық тұрғын үй заемдарын беру өткен жылдың 4 шілдесінен басталған болатын. Биылғы 6 наурызға дейінгі мәліметке сәйкес 117,7 млрд. теңге сомасында 10321 өтінім қабылданған. Банктер 70 млрд. теңге көлеміндегі 5983 өтінімді мақұлдап үлгерді. Бүгінгі таңда бағдарлама аясында несиелеуді еліміз бойынша екінші деңгейлі 8 банк жүзеге асыруда. Ал, жалпы биыл «7-20-25» бағдарламасына сай 16 мыңға жуық пәтерге қажеттілік туындап отыр.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ