Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Қосымша пойыздар жолға шығады

Наурыз 14 / 2019

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Ońtústik Qazaqstan».

Жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Алматы-2 – Арыс-1» пойызы «Алматы-2» стансасынан 7, 21 наурыз күндері, ал, «Арыс-1» стансасынан 9, 23 наурыз күндері қатынайды.

 

Сол секілді Астана – Павлодар, Астана – Алматы, Қызылорда – Атырау бағыттары бойынша да қосымша пойыздар жолаушыларға қызмет көрсетпек. Мереке күндері сұранысқа ие бағыттағы жолаушылар пойызына қосымша 220 тіркеме тіркеу жоспарланған. Сондай-ақ, бір реттік қосымша пойыздар жолға шығады.

– Компания пойыздардағы жолаушылардың санына әрдайым мониторинг жүргізіп отырады. Сұраныс артқан белгілі бір уақытта техникалық мүмкіндіктерге сәйкес вагондар қосылып, қосымша пойыздар жолға шығады. Бұл шара мереке күндері 18 мыңға дейін жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, – дейді «Жолаушылар тасымалы» компаниясының өкілдері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ