Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Сарыағашта 585 отбасы қоныстойын тойлайды

Наурыз 14 / 2019

 

Сарыағаш ауданында бүгінде 5 қабатты 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Құрылысы 2018 жылы басталған тұрғын үйлер биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бұл жобаларға облыстық бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталған. Көпқабатты тұрғын үйлерді салу үшін Қапланбек оқу-тәжірибе шаруашылығы аумағынан 120 гектарға жуық жер телімі бөлінген. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң мұнда 585 отбасы қоныстойын тойлайтын болады.

Бұдан басқа, аудандағы Құркелес ауылдық округінде 300 және 600 орынды екі мектептің құрылысы жүруде. Сондай-ақ, Қапланбек елді мекеніндегі Жәутіков атындағы мектепке оқу корпусы мен спорт залы, асхана және шеберхана салынуда. Сонымен қатар, Жылға ауылдық округінде Ғ.Мұстафин атындағы 300 орынды мектеп және Дарбаза ауылдық округінде мектепке қосымша 150 орынды оқу корпусы мен мәжіліс залы, спорт зал, асхана және шеберханалар бой көтеруде.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ