Руханият 0 пікір 3265 лайк

«Хан Тәңірінен оралу» көрерменге жол тартты

Наурыз 14 / 2019

 

1 наурыздан бастап еліміздің кинотеатрларында «Хан Тәңірінен оралу» деректі фильмі көрермендер назарына ұсыныла бастады. Хан Тәңірі шыңын бағындыруға шыққан медиа-экспедиция мүшелерінің сапары жөнінде баяндайтын кинотуындыны алғаш көру бақыты Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Талдықорған, Ақтөбе қалаларының тұрғындарына бұйырды.

 

Бұл фильмге белгілі актер Әнуар Нұрпейісов пен Айсұлу Әзімбаева түскен. Фильмде қос актер мен оператор Александр Кузнецовтың теңіз деңгейінен 7010 метр биіктікке көтерілген сапары туралы баяндалады. Деректі фильмге Солтүстік жарты шардың ең биік шыңын бағындыруға ниет еткен әуесқой альпинистердің дайындығы, олардың өз бойларындағы күмән-қорқыныштарымен күресі, түрлі қиындықтарды еңсеруі секілді сәттер арқау болған.

– Бұл менің алғашқы режиссерлік жұмысым. Басында бұл туындыны жаппай көрсетілімге ұсыну жайлы ойламаған да едік. Бірқатар көрермендердің, кино мамандарының оң бағасын алғаннан кейін осындай шешімге келдік. Бұл отандық документалистика үшін тың тәжірибе болмақ. Осылайша біз еліміздегі деректі фильмдерді коммерциялық жобалар тізіміне енгізуге болатынын дәлелдегіміз келеді. Елімізде деректі фильм жанрына қызығушылық танытатын өнерсүйер қауымның бар екеніне күмәнім жоқ, – дейді фильм режиссері, актер Әнуар Нұрпейісов.

Әлімжан ӘЛІШЕР, ЕҰУ студенті.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ