Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Жаңа министр не дейдi?

Наурыз 12 / 2019

 

Дилара БИМЕНОВА, «Ońtústik Qazaqstan».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысын жоғарылату туралы тапсырма берген болатын. ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың мәлімдеуінше, сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі біртіндеп шешімін таппақ. Атап айтқанда, биыл білім беру саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақылары 30 пайызға өсетін болады.

 

Яғни, оқу орындарындағы техникалық жұмысшылардың, балабақшалардың, интернаттардың тәрбиешілері мен олардың көмекшілерінің, әдіскерлердің, әлеуметтік педагогтардың, балабақша мен колледждердің психологтарының, қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, кітапханашылардың, тәлімгерлердің, іс жүргізушілердің, есепшілердің, жинап тазалаушылардың, аула тазартушылардың, күзетшілердің, пеш жағушылардың, сантехниктер мен электриктердің жалақылары көтеріледі. Күләш Ноғатайқызы мұндай үстемеақыға 500 мың адамның ие болатынын айтады.

Сондай-ақ, министр биыл мектептерде мұғалімдерге арналған ағылшын тілі курстары тоқтатылатынын мәлімдеді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ