Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Елдiң ынтымағы қымбат

Наурыз 12 / 2019

 

«Нұр Отан» партиясының кешегі өткен съезі жан-дүниемізді сергіткен, келешегімізді кемелді әңгімемен көмкерген, алдағы бағыттарымызды айқындаған әсерлі басқосу болды. Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына – 20 жыл. Осы жылдар ішінде межеленген биіктерді бағындыруда «Нұр Отан» партиясының рөлі орасан зор. Олар осы уақыт ішінде халықтың үлкен сеніміне ие болды. Ал, сенім – халықтың партияға берген ең үлкен бағасы дер едім.

 

Елбасы осы съезде әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ерекше назар аударды. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларына қатысты ұстанымдары бізді айрықша қуантты. Халықты жұмыспен қамту бағытындағы шаралар да осы жиында жан-жақты сөз болды. Елбасының кәсіпкерлерді елді дамытуға шақырып, туған Отанымызды көркейтуге олардың белсене қатысуы тиіс деген ойлары көпшілік көңілінен шықты.

Иә, қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық жағдай тұрақсыз. Бұл әлемнің бір бөлшегі ретінде біздің елге де өз ықпалын тигізбей қоймайды. Қазақта «үйдегі бағаны базардағы нарық бұзады» деген сөз бар. Қазір дәл осындай жағдай болып тұр. Осындай кезде Президент пәрменімен тағайындалған Үкімет басшысына, министрлер мен облыс әкімдеріне үлкен жауапкершілік жүктелді. Ең бастысы – «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде халықтың ауызбіршілігін, ынтымағын арттыру.

Мірхайдар РАМАНҚҰЛОВ, генерал-майор, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ардагері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ