«Қыран» биiктi аңсайды

Наурыз 02 / 2019

 

Футболдан ел біріншілігінде Түркістан облысының намысын қорғайтын «Қыран» командасы қазіргі таңда Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Бапкерлік құрам осы оқу-жаттығу жиындары арқылы ойыншылардың тактикалық шеберліктерін шыңдап алуды көздеп отыр. Ғалымжан Төлегенов баптайтын команда бірқатар шетелдік футбол клубтарымен жолдастық кездесу өткізіп, өз шеберліктерін байқап көрмек.

 

Түркістандық клуб алдымен «Enguiez» командасымен жолдастық кездесу өткізсе, кейіннен ресейлік «Казанка» ұжымымен күш сынасады. Сосын тағы бір ресейлік клуб «Авангардпен» жасыл алаңға шығады. Бұған дейін «Қыран» Ресейдің жоғары лигасында өнер көрсететін «Крылья Советов» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірген еді. Сосын Чехия чемпионатында өнер көрсететін «Откровице» командасын 4:1 есебімен ойсырата ұтты.

Кілең жас ойыншылардан құралған команда биыл І лигада өнер көрсетеді. 2014 жылы күміс жүлде, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған команда биыл да жүлде бөлісіне араласып көрмек. І лиганың ойындары сәуір айында басталады.

Ерболат АЙНАБЕКОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ