Олар облыс намысын қорғайды

Наурыз 02 / 2019

Түркістан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен студенттер арасында футзалдан облыстық біріншілік өтті. Ақпан айында өткен қыздар арасындағы футзал лигасының іріктеу жарысында М.Сапарбаев институтына қарасты «Парасат» колледжінің командасы жеңімпаз атанды. Аталмыш колледждің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығында оқитын футболшы қыздар енді республикалық жарыстарда облыс намысын қорғамақ.

Ерболат АЙНАБЕКОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ