Заң-заман 0 пікір 0 лайк

4 орынға – 15 үмiткер

Ақпан 23 / 2019

 

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табысы артады» деген болатын. Президенттің осы сөздерін негізге ала отырып, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру мақсатында әскери бөлімдегі бос орындарға лайықты азаматтарды қабылдаймыз.

 

Әдетте, саптық және кадрлар қызметінің жұмысы сырт көзге көп елене бермейді. Десек те, күнделікті айналымдағы қарбалас құжаттармен қоса, жеке мәселелерімен бөлімшеге жиі бас сұғатын азаматтарға қызмет көрсету – ыждаһаттылықты талап етеді. Осындай қиын да күрделі жұмыстардың бірі – келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлер іріктеу.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 38-бабына сәйкес, «Оңтүстік» өңірлік басқармасына бағынышты әскери бөлімдер мен құрылымдарындағы сарбаздар және сержанттар құрамының бос лауазымдарын сапалы толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

№2024 «А» әскери бөлімінің кадрлар қызметі Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада әскери есепте тұрған запастағы азаматтарды, келісімшарт бойынша Шекара қызметі қатарында еңбек етуге ниет білдірген жастарды әр аптаның бейсенбі күні қабылдайды. Мәселен, бүгінде әскери бөлімдегі 4 бос орынға 15 үміткер құжат тапсырған. Білікті мамандар олардың арасынан қырағы, антқа адал азаматтарды таңдап алады. Ал, бізді шекара шебін күзетуге талап білдіргендер санының күн санап артып келе жатқаны қуантады.

Б.БАДАЛОВ, №2024 «А» әскери бөлімінің қызметкері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ