Заң-заман 0 пікір 0 лайк

Консультанттар iске кiрiстi

Ақпан 23 / 2019

 

Өткен жылы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң қабылданып, соған сәйкес Шымкент қаласында заң консультанттары палатасы жұмыс істей бастады. Олар заң көмегіне мұқтаж азаматтардың құқықтарын қорғауға қол ұшын созады. Бүгінде аталған палатаға ондаған заңгер мүше болып тіркеліп, кәсіптік қызметіне кірісіп кетті.

 

Шымкент қаласының заң консультанттары палатасы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілгендерге, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге, жасына байланысты зейнеткерлікке шыққандарға кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуде.

Осы жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Заңгерлік көмек» жобасы аясында әр айдың бірінші, үшінші дүйсенбісінде тегін құқықтық кеңес беруді қолға алдық. Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында оларға арыз жазудан бастап, сотқа дейінгі қажетті құжаттарды реттеуге көмектесеміз.

О.ҚҰДАЙБЕРГЕН, Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының төрағасы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ