Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Ұлтымызға пайдамыз тисін десек...

Ақпан 19 / 2019

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған. Ондағы көрсетілген маңызды жобалардың бірі ретінде «Қазақ-станның 100 жаңа есімін» айтуға болады.

 

Мемлекет басшысы бұл бастама туралы «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы» деген болатын.

Расында да қазір қоғамымызда өзгелерге үлгі-өнеге боларлықтай істерді атқарып жүрген азаматтар аз емес. Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, біз жобада сондай адамдардың жеткен жетістіктерін көрсету арқылы бүгінгі заманауи Қазақстанның жаңа келбетін айқындайтын боламыз. 

Шын мәнінде, тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен қатарластарының алды болған қаншама замандастарымыз бар. Жан жадыратар жақсы істерімен көзге түскен осындай азаматтарымызды ел арасында насихаттау арқылы оларға шабыт сыйлап, қолға алған жұмыстарының әрі қарай жылжуына септігімізді тигізе алсақ, онда бұл бастаманы өз мақсатына жетті дей беріңіз.

«Рухани жаңғыру» идеясының көздегені де осы емес пе?! Ұлтымызға пайдамыз тисін десек, тың әрі жақсы жобалалардың көптеп жүзеге асырылуына атсалысайық.

М.АРЫНБАЕВ, Шымкент политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Шымкент қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ