Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

2,5 МИЛЛИОН АДАМ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛУДА

Ақпан 12 / 2019

 

Біздің елімізде денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлініп отыр. Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған денсаулық сақтау нысандары халықтың игілігіне айналды. Мұның өзі ел тұрғындарының отандық медицинаға деген сенімдерін арттыра түсті. Бұл салаға бөлінетін қаражат жағынан да Қазақстан ілкімді көрсеткіштер көрсетіп келеді. Бір ғана Түркістан облысының өзін алып көрсек, былтыр денсаулық сақтау саласына  19,7 млрд. теңге бөлінді. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жабдықталу көрсеткіші 65,75 пайызға жеткізілді. Облыстың медициналық ұйымдарына 5 728 дана компьютер алынып, қамтамасыз етілуі 100 пайызды құрады.

 

2005 жылдан бастап елімізде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтамасыз ету жүйесі іске қосылды. Тегін дәрі-дәрмектер тек қана дәрігерлердің рецептімен таратылады. Бұл рецептердің барлығы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Қазіргі күнде 49 ауру бойынша 400-ден астам түрлі дәрілер  2,5 млн. пациентке  тегін беріледі. Ал стационарға келіп түсетін адамдар толық мемлекеттің есебінен емделуде. Бұл үшін жылда 200 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады. Қазақстанда ден­саулық сақтау саласын дамытуға, біліктілікті арттыруға және тәжі­рибе алмасуға қажетті жағдай жасалғаны бәріміз үшін үлкен қуаныш.

Иманәлі БАЙДӘУЛЕТОВ,медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ