Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жастар да әлеуметтік қолдауды сезінуде

Ақпан 12 / 2019

 

Экономикалық реформалар мен бағдарламалардың нәтижесінде елімізде соңғы жылдары барлық сала бойынша өсімнің оң динамикасы байқалады. Әсіресе, әлеуметтік салада көптеген өзгерістер жаңалықтар орын алды. Соның ішінде тың бастама ретінде Елбасының Жастар жылына орай студенттерден құрылыс жасақтарын құру туралы тапсырмасын атап өтуге болады. Осы орайда Түркістан облысында биыл қарқын алатын құрылыс жұмыстарына 500 студентті жұмылдыру көзделуде. Мұның жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған маңызды әлеуметтік шара екендігі анық.

 

Әлеуметтік салаға мемлекет тарапынан баса мән беріліп отыр. Жастар мәселесі де мемлекет назарынан тыс қалмады. Соның айғағы, Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Және осының аясында жастарға берілетін гранттық қаржылардың көлемі ұлғайтылып, «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» атты жаңа бағдарламалар қабылданды. Сондай-ақ облыста «Дипломмен--ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға жұмыс істеуге келген жас мамандарды тұрақты кадр ретінде ұстап қалу үшін жергілікті әкімдік үймен қамтамасыз етуде. Осынау әлеуметтік қолдаулар халықтың өмір сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан игі істер. Өйткені, Қазақстанның бірінші байлығы ол оның азаматтары. Түркістан өңірінде 500 мыңға жуық жас бар. Әлеуметтік топтар ішінде мемлекеттің жастарға ерекше ықылас танытуы зор қуанышқа бөлейді.

Өз кезегінде өңірде жастар ресурстық орталықтары қалыптасты. Онда «Бір терезе» қағидатымен 8 түрлі бағыт бойынша көмек көрсетіледі. Бүгінге дейін 12376 жасқа 29866 кеңес беріліпті. Былтыр 1275 жасақ «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көгалдандыру жұмыстарына тартылса, «Серпін-2050» бағдарламасымен биыл 137 жасқа грант бұйырды. Осы жобамен өткен жылы 440 жас оқуын бітіріп, олардың 70 пайызға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты. 

Мұрат БЕКБАЕВ, «Аталар аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.   

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ