Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Әлеуметтік саланы қолдау күн тәртібінен түскен емес

Ақпан 12 / 2019

 

Еліміздің басты байлығы адам және оның денсаулығы болып табылатындығы Ата заңымызда тайға таңба басқандай айқын жазылған. Бұл орайда Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында әлеуметтік саланы дамыту мен тұрмыс сапасын арттыруға баса назар аударылады. Ең бірінші құндылық ретінде – адам, адамға жағдай жасау міндеті қойылғаны баршаға белгілі. Президент тапсырмасына сай Үкімет тарапынан әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған нақты міндеттер белгіленген. Соның негізінде арнайы мемлекеттік бағдарламалар түзіліп, оны жүзеге асыру жолдары жаңдана түскен.

 

Мысалы, Түркістан облысы бойынша  былтырғы жылы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласына  18,1 млрд.теңге қаржы бөлінген. Әсіресе, ауылдық жерде жұмыссыздықты шешу жолдары күн тәртібінен түспеген. Нәтижесінде 43 978 адам  жұмысқа тұрса, қысқа мерзімді кәсіби оқу курсынан 5440 адам өткен. Өз кәсібін ашып, шаруашылығын дамытамын дегендерді қолдауда да біздің өңір өзгелерге үлгі. 1336 адам 6,1 млрд теңгенің жеңілдетілген несиесіне ие болып, өз шаруасын дөңгелетіп отыр. Бұл бір ғана былтырғы жылы жүзеге асқан шаруалар. Ал, соңғы жылдары әлеуметтік салаға бағытталған игі-істерді тізбелесек, ауқымды шаруалар атқарылғанын байқаймыз.

Мұндай игі-шаралар облыс орталығында ғана емес, ауылдарда да қолға алынған. Мысалы, шалғай аудандардың бірі саналатын Бәйдібек аудандағы жұмыссыздық деңгейі жылдан жылға азайып келеді. Былтыр аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жұмысқа орналастыру бойынша өтінішпен келген азаматтардың 77 пайызы жұмысқа орналастырылған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі 20 пайызды құраған.     

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үш бағыты бойынша белгіленген межелер толығымен орындалып отыр.

Облыста былтыр 195 620 азаматқа 15,7 млрд теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі берілген. 4367 отбасыға тұрғын үй көмегі көрсетілген.

Осындай көрсеткіштер өзге аудандардан да байқалады. Бұл қоғамда әлеуметтік жағдайдың жақсарып келе жатқанының көрінісі.

Шәріпбек ЖАМАЛБЕКОВ, Түркістан облыстық «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар қоғамдық бірлестігінің  басшысы. Облыстық мәслихаттың депутаты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ