Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3090 лайк

Түркiстан 100 пайыз табиғи газбен қамтылады!

Ақпан 12 / 2019

 

Биылдың өзінде Түркістан қаласы тұрғындарының 60 пайызға жуығы табиғи газбен қамтылады. Ал, 2020 жылы қала толығымен табиғи газға қосылады. Бұл туралы қала әкімі Әліпбек Өсербаев халық алдындағы есебінде мәлімдеді.

 

«Қаланы газбен қамту 3 кезең бойынша жүзеге асырылуда. І кезең бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп, 43 мыңға жуық қала тұрғынына табиғи газ берілді. Бүгінде құны 20 млрд. 271 млн. теңгені құрайтын ІІ-ІІІ кезеңнің 11 жобасы әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды» деді қала басшысы.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,8 пайызды құрап отыр. Есепті мерзімде 2 нысанның құрылысы аяқталып, қала аумағындағы 1566 абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ