Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3089 лайк

Біз қаншамыз?

Ақпан 12 / 2019

 

оны анықтайтын халық санағы 2020 жылы өтуi мүмкiн

 

ҚазАқпарат. «Қазақстан халқының санағын жүргізуді 2020 жылға ауыстыру жоспарланып отыр» деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, Қазақстан заңнамасы және халықаралық ұсыныстар бойынша, халық санағы кемінде он жылда бір рет жүргізіледі. Бұл халық санағын жүргізу мерзімдерінің кезекті әлемдік раундтармен салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін жасалады. Сондықтан санақ жүргізу арасында он жылдық мерзімді сақтауға Қазақстан үшін 2019 жылғы қазан мен 2020 жылғы қазан айы арасындағы мерзім қолайлы.

Қазақстанда халық санағын жүргізуге дайындық 2017 жылы басталып кеткен. Халықаралық әдістеме бойынша, санақ жүргізу үшін ең қолайлы мерзім – тұрғындар мобильділігі ең төмен кезең (күзгі-қысқы маусым) болып табылады. Яғни бұл кезең тұрғындарды қамту және жиналған мәліметтер сапасы тұрғысынан табысты өткізілуіне көп мүмкіндік береді.

«Осыған байланысты 2020 жылы халық санағын жүргізудің ең қолайлы мерзімдері ақпан-наурыз айлары болып табылады. Ұлттық санақты жүргізумен байланысты бірқатар ұйымдастырушылық және нұсқаулық сәттерді есепке ала отырып, ҚР халқының ұлттық санағын 2020 жылдың басында өткізу туралы шешім қабылданды» деп мәлім етті ведомстводан.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ