Аспан асты, жер үсті 0 пікір 3086 лайк

Кәсiпкерлiктiң көкжиегi кең

Ақпан 12 / 2019

 

Жуырда облыс әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов Мақтаарал ауданындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.

 

Ең алдымен Қайрат Теміршотұлы аудан орталығында орналасқан «Мырзакент» мақта зауытына барды. Зауыттың жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайды. Мұнда 120 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.

Мұнан соң Қ.Нүкенов Атакент кентінде орналасқан Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, «Хамро ата» жеке шаруа қожалығында болды.

«Хамро ата» шаруа қожалығы шағын 18 қожалықты біріктіріп, кооператив құрған. Осының негізінде еңбек өнімділігін арттырып, мол табыс табуды көздеп отырған шаруалар мемлекеттен бөлінетін әртүрлі жеңілдіктер мен субсидияға және лизинг арқылы жаңа техникаға қол жеткізіп отырғандарын айтады. Кооперативтің жалпы жер көлемі 339,4 гектар болса, оның 6 гектары жылыжай. Былтыр қожалық 274,4 гектар жерге мақта, 15 гектарға қауын, 20 гектарға жоңышқа, 10 гектар жерге жүгері, 8 гектарға жеміс-жидек, 1 гектарға анар, 20 гектарға жүзім еккен. Бұдан бөлек «Хамро ата» фермерлік қожалығында мал бордақылау алаңы да жұмыс істеп тұр. Ондағы 220 ірі қара малдың жартысы бордақылануда.

Қайрат Теміршотұлының соңғы танысқан нысаны – Мақтаарал ауданының логистикалық орталығы. Аграрлы ауданда шаруалардың өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ауданның кіреберісіндегі Азаттық ауылынан заманауи үлгідегі сауда-логистикалық орталығының құрылысы жүргізілуде.

Сауда-логистикалық орталықта аудан аумағында өндірілген қауын-қарбыз, алма, жүзім өнімдерін қайта сақтаудан бөлек, оны өңдеу арқылы шырын, тосап, тағы басқа дайын өнімдер жасайтын цехтарды іске қосу жоспарлануда. Ол үшін өткен жылдың тамыз айында «Қауын фест» облыстық фестивалі өткізіліп, шетелден инвесторлар шақырылған. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлер де қауын-қарбызды өңдейтін шағын цех ашуға қызығушылық танытып отыр.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ