Заң-заман 0 пікір 3084 лайк

Мақсат – сот төрелiгiнiң сапасын арттыру

Ақпан 12 / 2019

 

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Ońtústik Qazaqstan».

Түркістан облыстық соты өткен жылды қорытындылап, жүзеге асырылған сот төрелігінің нәтижелерін жариялады.

 

Басқосуда облыстық соттың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Түгел Бекімбетов пен Зиядинхан Пірнияз азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларын баяндап, алдағы межелі міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, жиында судьялардың әдебі жөнінде Серік Дзюлиев, арыз-шағымдарды қарау тобының жұмысы туралы Клара Жаппасова, оқу орталығының атқарған жұмысы бойынша Аида Байтұрова, сот актілерін дайындау сапасы туралы Таубай Қадырбаев баяндама жасап, өткен жылдағы жұмыс нәтижелерін ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков сот төрелігін атқару барысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге тоқталып, «Сот төрелігінің жеті түйінін» іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру бағытында атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылап берді.

Кеңейтілген кеңес жұмысының соңында жергілікті соттар арасында өткізілген «Мінсіз судья» конкурсының нәтижесі жарияланып, конкурстық комиссия шешімімен Түркістан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлнұр Саттарова байқау жеңімпазы деп танылды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ