Ордабасыда 3822 көпбалалы ана бар

Ақпан 11 / 2019

 

Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Аңсарбек Абдикулов аудандық әйелдер кеңесі, әжелер алқасы, ата-аналар комитеті өкілдерімен бас қосты. Жиын барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау, ұрпақ тәрбиесі, көпбалалы аналарды толғандырған мәселелер төңірегінде ұсыныстар талқыланды.

Әжелер алқасының төрайымы Айгүл Сейітқызы, Қажымұқан ауыл округі әйелдер кеңесінің төрайымы Перизат Жүніс, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Шәркүл Әзімбаева бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жолдарын атап өтті. Бүгінгі таңд Ордабасы ауданында 1158 отбасы асыраушысы жоқ санатында жәрдемақы алып жүр. "Алтын", "Күміс" алқа иегерлері - 3822. Көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алушылар - 4643 отбасы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ